Қызылордада исі мұсылман жамағат Қадір түнін мешіттерде өткізді

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордалықтар Рамазан айының 27-түні мың айдан да қайырлы Қадір түнін облыс орталығындағы мешітте өткізіп, Ислам таңын күтіп алды.

Мешітте жиналған мүминдер жамағатына уағыз айтылып, дұға оқылды. Онда жиналғандар таң ағарып атқанша жаратушы иеден тілек тілеп, Аллаһқа мінажат етумен болды.

Сыр өңіріне қасиетті Рамазан айында Ауғанстаннан арнайы келген қарилар тарауих намазын оқып, құран қатым етті.

Мешітке ғибадат ету мақсатымен келген халықта есеп жоқ. Әсіресе, бұл күнге жастардың құрметі ерекше болды. Ғибадатханаға келген әйелдер қауымы үйлерінен алып келген жеті күлшелерін таратып, құран оқылатын бөлмелерде пітір садақаларын берді.