Қызылордада ІТ бағытта 26 жоба жүзеге асады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада ІТ бағытта 26 жоба жүзеге асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы жолдауында инновациялық және сервистік секторларды дамытуға ерекше көңіл бөлу қажеттігі атап көрсетілген.

Сыр өңірінде жүзегеасатын жобалардың 6-ы білім, 2-і денсаулық сақтау, 4-і қауіпсіздік, 5-ішаруашылық және көлік, 2-і ауыл шаруашылығы, 2-і бизнес және әлеуметтік салаға,5-і қалалық басқаруға бағытталады.

Денсаулық сақтаусаласына енетін ІТ жобалардың арқылы жүкті әйелдерге көрсетілетін қызмет сапасыартады деп жоспарланып отыр. Сол арқылы бала өлімін азайту, туа біткенауруларды бастапқы кезеңінде анықтау, созылмалы ауруларға жұмсалатын денсаулықсаласының шығындарын азайту көзделген.

Көлік саласында да3 жоба енеді. Облыстық бюджеттен бұл бағыттағы 2 жобаға 38,7 млн.теңге,мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында 1 жобаға 800 млн. теңге қаралған. Осыарқылы көлік ұйымдарының салық түсімдері мен табысы көбейеді. Сондай-ақ,жолаушылардың қоғамдық көлікті күту уақытын және ақпараттандырылуы жақсарады.

Ауыл шаруашылығыбағытында 2 жоба жоспарланған. ІТ жоба құрғақшылық, зиянкестердің жаппай көбеюісынды кризистік сәттерді алдын алу үшін қолға алынған. Жалпы, 26 ІТ жобаларға13,1 млрд.теңге қаржы қаралды. Аталған жобалар халықтың өмір сапасын арттырудыкөздейді.

Естеріңізге салакетелік, Қызылордада агроөнеркәсіп кешен саласында 148 жоба іске аспақ .