ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада жүйке ауруымен есепте тұратын 32 жастағы тұрғын үш күннен кейін қаладан 60 шақырым қашықтықта жол бойынан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жоғалып кеткен адам қала іргесіндегі Тасбөгет кентінде тұрады.
Кенттің 53 жастағы тұрғыны ұлының үйден шығып, кері оралмағанын айтып Қызылорда қалалық полиция басқармасының Төсбөгет полиция бөліміне шағымданған.
Айтуынша, баласы жүйке ауруымен есепте тұрады.
«Жоғалған адамның жағдайы ескерілді. Полиция бөлімінің жеке құрамы толықтай іздеу жұмысына тартылды. Мобильдік топтар құрылып, жақын аумақтар толықтай назарға алынды. Іздестіру жұмыстары үш күнге созылды. Хабар-ошарсыз кеткен азамат Сырдария ауданына қарасты Шаған ауылының тұсындағы тасжолдың бойынан табылды» деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.