Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Қызылордада бұл мерейтойды атап өту 1 қазаннан басталды. Оның шарықтау шегі 8-10 қазан күндеріне тура келеді. Кеше облыс орталығында өткізіліп жатқан осы мәдени шараға Байқоңыр қаласынан шаһар басшысының міндетін атқарушы Анатолий Петренко бастаған бір топ делегация келді.
Ғарыш айлағынан келген өнерпаздар Н. Бекежанов атындағы музыкалық драма театрда қала күніне тарту жасап, аймақ тұрғындарына концерт ұсынды.
Кеш барысында «Веретенце» студиясының ұжымы, «Элегия» халықтық-хореографиялық студиясының мүшелері, «Терра» ұлттық ансамблі өнерлерін ортаға салды.