ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Үстіміздегі жылдың 27 наурызында Қызылорда қаласында жастар арасында орын алған атыс салдарынан бір адамның қаза табуына байланысты қозғалған қылмыстық істің соңғы нүктесі қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға Қызылорда қаласының орталық бөлігінде болған еді. Атыс салдарынан ауыр жарақат алған медицина колледжінің үшінші курсында оқитын жас жігіт көз жұмды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.