ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өңірде Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде «Жасөспірім», «Балалар түнгі қалада», «Ата-ана. Жасөспірім.Көше», «Тұрмыс», «Квадрат», «Учаске» сынлы жедел профилактикалық іс-шаралары өткізілуде.
«Аталған жұмыстар негізінде қаңғыбастық пен кезбелікке салынған 90 жасөспірім бейімдеу орталығына орналастырылған. Балаларын тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін тиісті деңгейде орындамаған 39 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, түнгі уақытта (сағат 23:00-ден кейін) заңды өкілсіз жүрген 1246 жасөспірімнің ата-аналарына қатысты әкімшілік шара қолданылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.