ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қаңтар оқиғасы кезінде Қызылордада мәйітханадан тәртіпсіздікке қатысқан 6 адамның мәйіті ұрланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті таратқан қаңтардағы жаппай тәртіпсіздік кезінде Қызылордада болған жағдай жөніндегі бейнежазбада айтылды.
«Қаңтар айының 5-6 күндері Қызылорда қаласында болған жаппай тәртіпсіздік барысында мемлекеттік мекемелердің 17 обьектісіне залал келіп, жеке сектордың 21 субьектісі тоналды. Сондай-ақ, 65 көлік құралы өртеніп, 80 көлікке залал келді. Екі автокөлік ұрланған. Қақтығыс барысында 58 полиция қызметкері мен 52 сарбаз түрлі жарақат алды. Облыстық медициналық орталықтың мәйітханасынан тәртіпсіздікке қатысқан 6 адамның мәйіті ұрланды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылорда полицейлері Гүлшара Әбдіқалықованы бұзақылардан қалай қорғап қалғаны жөнінде хабарланды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.