Қызылордада каратэ-до шеберлері бас қосты

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында каратэ-додан жаттықтырушыларға арналған облыстық семинар өтті. Бұл шараны облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ҚР каратэ-до федерациясы мен облыстық каратэ-до федерациясы ұйымдастырды.

Шараның мақсаты - каратэ-домен шұғылданатын спортшылардың дайындық деңгейін жетілдіру, өзара достық қарым-қатынасты нығайту.

Семинар барысында каратэ-додан ҚР вице-президенті, 7-ші дан иегері, республиканың аға жаттықтырушысы Жасталап Санауов 14 сағат практикалық сабақ жүргізді. Семинар жоғары деңгейде өтті. Оған Қызылорда, Байқоңыр қалалары мен Қармақшы ауданынан 12 жаттықтырушы қатысты.

Сонымен қатар, бағдарлама барысында Жасталап Санауов облыста каратэ-до спортының дамуына үлес қосқан бірқатар жаттықтырушыларды марапаттап, арнайы сертификаттар табыстады. Атап айтқанда, каратэ-додан жаттықтырушы Тағдыберген Жаналиевке медаль тақса, облыс жаттықтырушылары Рүстем Әбжәмиев, Еркін Боханов, Нұржан Ақпанбет, Рүстем Қараев, Әкімжан Нұрғалиев және И.Леонидтер сертификаттарға ие болды.