Қызылордада кардиологиялық орталық жұмысын бастады

None
ҚЫЗЫЛОРДА. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат (Руслан Игілік) - Қызылорда облыстық медициналық орталығында жаңадан ашылған кардиологиялық орталық жұмысын бастады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Онда кардиохирургия, жансақтау, ота жасау блогы, рентген-эндоваскулярлы түрде анықтау және емдеу бөлімдері, функционалдық-диаг­ностикалық кабинет, экспресс-зертхана және халыққа қажетті қызмет түрлері бар. Орталықты жабдықтауға республикалық бюджеттен 489 млн. теңге қаралса, облыстық бюджеттен 157 млн. теңге жұмсалды. Сондай-ақ 3 млн. теңге облыстық медициналық орталық бюджетінен бөлінді. Емдеу орны негізінен 20 төсектік кардиохирургия, 60 төсектік кардиотерапия және 6 төсектік кардио-реанимациялық бөлім­шелерден тұрады. Ота жасау, жансақтау бөлмелері әлемдік стандартқа сай жасақталып, жаб­дық­талған. Медициналық құрылғылардың барлығы қазіргі талапқа сай келеді.