Қызылордада кәрістер қарттар күнін атап өтті

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат-Қызылордада Корей этномәдени бірлестігінің Қарттар күніне арналған іс-шарасы өтті.

«Алекс» би мектебінің бишілері мен әнші Александр Шегай ардагерлерге арнап концерт қойды. Бұл туралы облыстық Ассамблея хатшылығынан хабарлады.

Шара барысында кішкентай балалар ардагерлерге сыйлықтар таратылды. Ардагерлерді «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі А.Жұмабаев, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» облыстық филиалының директоры В.Толоконников және корей этномәдени бірлестігінің төрайымы Е.Ким құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Ардагерлер ән айтып, би билеп, шараны ұйымдастырған және оған қолғабыс еткен - «Жасмин» кафесінің директоры Екатерина Тенге, «Невеста» салоны -  Юлия Югайға, «Кореана» кафесі - Виктория Шегайға, кәсіпкерлер Аркадий Кимге, Александр Цой және Елена Цойға, «Саяхат» турфирмасы - Наталья Новиковаларға алғыстарын білдірді.