Қызылордада Қарттар күніне байланысты шаралар өтіп жатыр
13:00, 01 Қазан 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада қазанның 1-і - Халықаралық қарттар күнін атап өту шаралары басталды.
Облыста қазіргі таңда зейнет жасындағы 50 672 адам бар. Олар облыс тұрғындарының 8 пайызын құрайды. Сонымен қатар 23 мыңнан астам түрлі дәрежедегі мүгедек тұрып жатыр. Ал облыстағы Ардагерлер үйін ұстап тұруға бюджеттен биыл 3 млн. 349 мың теңге қаржы бөлінген.