Бұл бағытта облыстық монополияға қарсы департаментің мамандары тексеру жүргізген еді. Нәтижесінде облыстық қаржы басқармасының тарапынан монополияға қарсы заңнама бұзушылықтары анықталды.
«Қалалық емханалардағы бөлмелер конкурстық рәсімдер өткізілместен облыстық диагностикалық орталыққа заңсыз берілген. Ол тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа стоматологиялық қызмет көрсетуге арналған. Салдарынан қаржы басқармасы диагностикалық орталыққа артықшылықтар беру және жеке стоматологиялық клиникаларға қолайсыз жағдай жасау арқылы бәсекелестікке қарсы әрекеттерге жол берген», - деп мәлім етті облыстық монополияға қарсы департаментінен.
Департамент күшімен басқарма тарапынан тірк е лген бәсекелестікті шектейтін заңсыз қабылданған барлық актінің күші жойылды.