Нақтыласақ, аудан бойынша «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодекспен белгіленген бірыңғай тіркелген салық мөлшерлемелерін реттейтін құқықтық акті (Жаңақорған аудандық мәслихатының 24.12.2008 жылғы №101 шешімі) 2010 жылы күшін жойған.
Алайда сол уақыттан бері осы шешімнің негізінде аталған қызмет түрін көрсететін кәсіпкерлерден салықты айына ең төменгі мөлшермен (3 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде) алудың орнына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде салық алынған.
Күші жойылған құқықтық актіні басшылыққа алу арқылы 5 кәсіпкерден заңсыз алынған салық сомаларын қайтару туралы қадағалау актісінен кейін кәсіпкерлердің банк шоттарына 2 539 816 теңге кері қайтарылды.
Бұған қоса, ағымдағы жылы 1 кәсіпкерге жерге меншік құқығы табысталып, 2 кәсіпкерге 300 000 теңгеден астам арнайы шоттағы қаржылары қайтарылды.