Қызылордада кәсіпкерлерді қолдайтын орталық жұмыс жасай бастады

ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қараша. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ - Қызылордада кәсіпкерлерді қолдау орталығы ашылып, өз жұмысын бастап кетті. Қаладағы «ПРЭКО Қызылорда консалтингтік компаниясы» ЖШС жанынан құрылған орталықтың ашылу рәсімінде сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары Нұрлан Ұранхаев кәсіпкерлер үшін түрлі деңгейдегі қызмет көрсететін бұл жүйенің өзіндік ерекшелігіне тоқталып өтті.

Осыған дейін жүргізілген зерттеулер еліміздің аймақтарында кәсіпкерлерге кеңес беретін орталықтың болғаны жөн екенін көрсетіп берді. Расында бизнеске алғаш келген жеке тұлғалардың құжат рәсімдеуде қиналатындары бар. Мұны реттеуде аталмыш орталықтың көмегі көп. Айта кететін жәйт, мұнда белгілі бір қызмет түрлеріне ақы алынады. Ал салық декларациясын дайындау және толтыруға, бизнесті тіркеу мен маркетинг саласындағы кеңестерге тегін қызмет көрсетіледі.