Дөңгелек үстелді «ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлерінің қауымдастығы Қызылорда облысы прокуратурасының қолғабыс етуімен ұйымдастырып отыр. Оған облыстық прокуратураның, бизнес бірлестіктердің басшылары мен 40-тан астам кәсіпкердің қатысуы күтілуде.
Дөңгелек үстелдің мақсаты - кәсіпкерлерге прокуратура өкілдерімен кездесуге мүмкіндік туғызу, атқарылып жатқан шаралармен және заңды құқықтарды қорғау мүмкіндіктерімен таныстыру сондай-ақ, кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау саласындағы мәселелерді тікелей диалогта талқылау.
«ҚАЗКА» Қазақстан Кәсіпкерлерінің қауымдастығы аталмыш тақырыпқа қатысты дөңгелек үстел отырыстарын бұған дейін Алматы, Шымкент, Павлодар және Қарағанды қалаларында өткізді.