Кездесуде кәсіпкерлер өздерінің Индустрияландыру картасы бойынша атқарып келе жатқан және алда межелеп отырған жұмыстары жайлы айтып беріп, осы орайда туындап тұрған өзекті мәселелерді ортаға салды. Аймақта осы Картаның арқасында тау-кен, мұнай-химия, мұнай-газ өнеркәсібі, жол салу, энергетика, агроөнеркәсіптік кешен салалары дами бастағаны айтылды.
Кездесуде аймақтың индустиялық секторын өркендетуге үлес қосып келе жатқан кәсіпорындар мен компаниялар басшыларына алғысхаттар тапсырылды.