Қызылордада қатты жел тұруы ықтимал

ҚЫЗЫЛОРДА. 22 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығы 22 желтоқсан күні Қызылорда облысының кей жерлерінде шығыстан соққан желдің 15-20 м/с дейін күшеюі  күтілетінін хабарлайды.

Осыған байланысты Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаменті облыс тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын ескертеді.