ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада қатты жел салдарынан тұрғын жайдың шатыры ұшып, жоғары кернеулі электр желісіне ілініп қалған.
Оқиға орнында жұмыс істеген құтқарушылар төтенше жағдайдың алдын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оқиға бүгін, 17 мамырда облыс орталығындағы «Арай» шағын ауданындағы тұрғын үйлердің бірінде болды. Қатты жел салдарынан тұрғын жайдың шатыры ұшып кетті.
«Жоғары кернеулі электр желісіне ілініп қалған қаңылтыр жабындыны тұрғындар өз күшімен түсіре алмаған. Содан кейін құтқарушылардың көмегіне жүгінді. Оқиға барысында қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті облыстық Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бүгін Қызылорда трассасында 5 адам мінген көлік каналға құлап кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.