ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында бақша өнімдерін тиеген жүк көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Жаңақорған ауданы орталығына жақын тұстағы Самара-Шымкент тас жолының бойында болды. Қауын-қарбыз тиеген «Газель» маркалы автокөлік құжаттармен бірге толық жанып кеткен.
Оқиға орнында N14 өрт бөлімінен 4 қызметкер мен 1 автокөлік барды. Сала мамандарының күшімен өрт толықтай сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада газ баллоны жарылып, екі адамды күйік шалды. Оқиға барысында үйдің иесі 55 жастағы әйел адамның денесінің 80 пайызын, алты жасар қыз баланың денесінің 50 пайызын күйік шалған.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.