Қызылордада қазақ күресінен өтетін сайыста «Сыр Барысы» атағының иегері анықталады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - 30 сәуір күні  «Еуразия» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қазақ күресінен облыстық «Алтын белбеу» ақтық сайысы басталады. Оған Қызылорда қаласы мен аудандардан 8  команда қатысады.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақ күресінен «Түйе палуан»  атанған  спортшы «Сыр Барысы»  атағын иеленіп, оған «Алтын белбеу» тағылады.

Бұл сыннан іріктеліп шыққан спортшылар 3 шілдеде Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» турнирінде ҚР Президенті жүлдесін сарапқа салады. 

Жарыстың салтанатты ашылуы сағат 10.00-де, ақтық белдесулер 10.30-да, «Түйе палуандар» сайысы 13.00-де.

Жарыс соңында жанкүйерлерге арналған бағалы жүлделерімен ұтыс ойындары ойнатылады.