«12 желтоқсанда Қызылорда облысында күзет кәсіпорнының екі қызметкерінің қаза болу дерегі бойынша ҚР ҚК 156-бабымен «Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп – тексеру әрекеттері басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайларын анықтауға бағытталған кешенді тексеру жұмыстары жүргізілуде» делінген хабарламада.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес марқұмдар уланып, тұншығып қайтыс болған.
Бұған дейін Қызылорда облысында кен орнында металл вагоннан жасалған тұрғын жайда улы газдан уланған екі адам көз жұмғанын жазған едік.