Аталмыш сайысқа облыстық балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінің түрлі ұлт өкілдерінен құралған 10 отбасы қатысады. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.
Сайыстың мақсаты - отбасылық құндылықтарды сақтау және отбасылар арасындағы қарым-қатынасты дене шынықтыру мен спорт арқылы нығайту, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Жарыста 1, 2 және 3-ші орындарды иеленген жанұялық командалар дипломдармен және естелік сыйлықтармен марапатталады.