Қызылордада қоғамдық көліктегі аналар мен қыз-келіншектерге гүл сыйланды (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласының әкімдігі мен «Қызылорда автобус паркі» бірлесіп қаладағы түрлі бағыта қатынайтын бірқатар қоғамдық көліктерде, 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай аналарымыз бен қыз-келіншектерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында гүл шоқтарын таратты. Бұл туралы қала әкімдігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жазылды.

«Қоғамдық көліктерге мінген аналарымыз бен аруларымыз: «Жыл сайын ұйымдастырылатын шара болса да, біз үшін әр кез ерекше қуаныш, көрсеткен құрметтеріңіз үшін үлкен рахмет» - деп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізіп жатты», делінген хабарламада.

Жалпы Қызылорда қаласында жыл сайын ұйымдастырылып отыратын бұл шара, биылғы жылы да 7-8 наурыз күндері жалғасады.