Қызылордада қоғамдық көліктерде аруларға гүл таратылып жатыр

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласы әкімдігі және «Қызылорда автобус паркі» 8 наурыз - халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай нәзік жандыларына мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында, қаладағы қоғамдық көліктерде мың дана гүл шоқтарын сыйға тартты, деп хабарлады ҚазАқпарат ХАА тілшісі.

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС қызметкерлері қоғамдық көліктерге мінген нәзік жандарға құттықтауларын жеткізіп арнайы алынған гүлдерді таратып отырды.
 
 

Қыз-келіншектер болса ұйымдастырушыларға алғыстарын жаудырып жатты.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда қаласы әкімдігі және «Қызылорда автобус паркі» ЖШС мұндай шараларды жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырып келеді.