Бұл туралы бүгін облыстық ТЖД-ның баспасөз хатшысы Анар Сәметова мәлімдеді.
Екі күнге созылатын оқу-жаттығуларды өткізудің мақсаты су тасқыны кезінде болатын төтенше жағдайды жою жұмыстарын жүргізуде орталық атқарушы органдардың, мекемелер мен кәсіпорындардың күштері мен құралдарының дайындығын саралау болып табылады.
Оқу-жаттығу барысында су тасқыны орын алған кезде төтенше жағдайға ден қою, жүктелген міндеттерді өз деңгейінде орындау дайындықтары тексерілді.
Қызылорда облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс және апаттар мен дүлей апаттардың алдын-алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының мәжіліс залында аймақ әкімінің орынбасары, облыстық ТЖ комиссиясының төрағасы Н.Ұранхаевтың қатысуымен төтенше жағдай жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өткізілді.
Оқу-жаттығу түс ауа Президент саябағында Қызылорда қаласындағы апаттық-құтқару қызметтерінің сап түзеуімен жалғасын тауып, су тасқыны кезіндегі төтенше жағдайға дайындық барысы тексеріледі деп күтілуде. Оған облыс әкімі Болатбек Қуандықов қатыспақ.