ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында моторлы қайық ақауынан көлдің жағалауына жете алмай қалған төрт адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 15 тамызда cағат 18-30 шамасында Шиелі ауданы, Байгеқұм ауылындағы Ханқожа көлінде болған. Дәл сол уақытта төтенше жағдайлар саласының мамандары кезекшілік жұмыстарын атқарып жүрген болатын.
«Кезекшілікті жүргізу барысында мамандар көлде моторлы қайықпен жүзу кезінде қайықтың ақауынан өздерінің күшімен жағаға жете алмай қалған адам төрт адамды анықтады. Құтқарушылар 1998, 2001, 2004, 2008 жылғы азаматтарды жағаға жеткізді. Оларға психологиялық көмек көрсетілді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада Сырдария жағалауына жете алмай қалған жасөспірім құтқарылды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.