ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін қаладағы Сұлтан Бейбарыс көшесінің бойында жанар май құю бекетінің тұсында жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Оқиға орнына жеткен құтқарушылар жол апатының қатты соққысының салдарынан автокөліктің бірінде жолаушыны қысып тастағанын анықтады.
«Құтқарушылар гидравликалық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып, металды кесіп, көлік ішінен 1971 жылы дүниеге келген зардап шегуші шығарылды. Оны қалалық жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті», - делінген облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.