ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада Абай көшесі бойында көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көлік қаққан жаяу жүргінші оқиға орнында қайтыс болды. Автокөлік жүргізушісі ұсталды. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексі 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мəн-жайы анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметі Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілмейтінін ескертті.
Бұдан бұрын да Қызылордада автокөлік қаққан адам оқиға орнында көз жұмғанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.