Қызылордада көлік қаққан жүргінші мен оның қызы мерт болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында көлік қағып кеткен жаяу жүргінші мен оның қызы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл келеңсіізжағдай Сұлтан Бейбарыскөшесі бойында орын алды. Ажал құшқа адамдар жүргіншілер жолағы жоқ жерден өтпек болған.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің345-бабының 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарынпайдалану қағидаларын бұзу жағдайы көрсетілген. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының талаптарынасәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректері жария етілугежатпайды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөзқызметі.

Бұдан бұрын Қызылордадағы Қорқыт ата көшесі бойындаадам қағып, оқиға орнынан кетіп қалған көлік иесі іздестіріліп жатқанынхабарлаған едік.