ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында 7 маусымда жол-көлік оқиғасынан екі адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Апат Сырдария ауданы аумағындағы «Қызылорда-Жалағаш» тас жолының бойында болған. «Mitsubishi Galant» маркалы автокөлік «Audi S4» маркалы автокөлікпен соқтығысып қалған. Оқиға орнында екі адам қайтыс болды.
«Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 4-бөлігімен тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Онда көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мəн-жайлары анықталуда», деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен ҚазАқпарат тілшісіне.
Бұдан бұрын Қызылордада жеңіл көлік аударылып, бір адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.