ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында құтқарушылар тұрғын үйдің моншасына соғылған жүк көлігінде қысылып қалған жүргізушіні арнайы құрылғымен алып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға облыс орталығында орналасқан «Саяхат» шағын ауданындағы Айдосов көшесінде болған. «Shacman» жүк көлігі тұрғын үйдің моншасына соғылып, жүргізушісі көлік ішінде қысылып қалған. Оның шығарып алу үшін оқиға орнына құтқарушылар шақырылды.
«Оқиға орнына облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінен 1 техника мен 5 қызметкер барды. Мамандар қысылып қалған азаматты арнайы құрылғының көмегімен аман алып шықты. Ол жедел жәрдем қызметіне табысталды», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Еске салсақ, бұған дейін Қызылорда облысында бес қабатты тұрғын үйден өрт шығып, 13 адам эвакуацияланғанын хабарлаған болатынбыз.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.