Қызылордада коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіруде жоғары көрсеткішке қол жетті
Бұл - соңғы 5 жыл ішінде болған ең жоғарғы көрсеткіш. Жекешелендірудің кешенді жоспарына 13 нысан енгізілген.
Жыл басынан бері коммуналдық меншіктегі нысандарды жекешелендіру арқылы бюджетке 294,5 млн теңге түсті. Оның 9-ы коммуналдық меншіктегі нысан.
«Ашық электронды сауда-саттыққа тозығы жетіп ұсынылған 100 автокөлік пен бір ескі ғимарат аукцион арқылы сатылып, бюджетке қаржы түсті. Аймақ бюджетінің шығыс жоспары 98 пайызға игерілді. Ал игерілмеген қаржы көлемі - 7,5 млрд теңге. Оның 3,6 млрд теңгесі бюджет қаржысының үнемделуінен болса, 3,9 млрд.теңге басқа да субьективті салдарынан орындалмады. Жалпы бөлінген қаржылардың уақытылы игерілмеуінің негізгі себебі - мердігерлер мен тауар жеткізушілердің өз міндетін толық орындамауынан», - деді облыстық қаржы басқармасының басшысы Елена Шаврова.
Облыстың бюджет қазынасы 2021 жылдың қорытындысымен 100,7 пайызға орындалып, 2,6 млрд.теңге қаржы артық түсті. Кірістер көлемі – 102,7 пайызды құраса, шығыс жоспары 98,1 пайызға орындалды.
Еске салсақ, Қызылордада мемлекеттік бағдарламалар кәсіпкерлікті дамытуға оң әсерін тигізді.