ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында қонақ үй өртеніп кете жаздады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қонақ үй облысорталығындағы А. Сүлейменов көшесі №1 мекенжайында орын тепкен. 23 шілдедетүнгі 22.33-те дағдарыс жағдайларын басқару басқармасына «Луна» қонақ үйініңғимараты жанып жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
«Өрт сөндірубөлімшелері оқиға орнына дереу келіп жетті. Мамандар ғимарат шатырынан қоютүтін шығып жатқанын аңғарды. Онда демалып жатқан меймандар мен қызметкерлерқауіпсіз жерге көшірілді. Өрт 00.34-те толық жойылды», - деп мәлім еттіҚызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
Өрт салдарынанқаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыныанықталуда.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.