Конференцияның негізгі баяндамасын «Ата Заң тарихы тереңде жатыр» деген айдармен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры Қазыбай Құдайбергенов жасады. «Конституция - тұрақты даму кепілі» деп аталған келесі баяндаманы облыстық әділет департаментінің бастығы Балайым Кесебаева ұсынды. Бұдан кейін облыстық соттың судьясы Алмат Ерманов, Қорқыт Ата атындағы мемлекеттік университеттің проректоры Наурызбай Байқадамов Конституция жөніндегі өз ойларын ортаға салды.
10:51, 28 Тамыз 2010
Қызылордада Конституцияның 15 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті
ҚЫЗЫЛОРДА. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Жаңагүл Сердалы/ -Қызылордадағы Студенттер сарайында еліміз Конституциясының 15 жылдығына арналған ғылыми-практикалық конференция болып өтті. Облыстық әділет басқармасы мен «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қоры ұйымдастырған бұл басқосу «Қазақстан Республикасы Конституциясы - тұрақты даму кепілі» деген тақырыптың аясында ой қозғады. Аталмыш шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бақберген Досманбетов, Мәжіліс депутаттары Мұрат Әбенов пен Құттықожа Ыдырысов қатысты.