ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада көп қабатты үйде болған өрттен 12 адам құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 3 қыркүйекте сағат 13:08 шамасында Қызылорда қаласына қарасты Қызылжарма ауылында болды. Көп қабатты үйдің бесінші қабатындағы пәтерде тұрмыстық заттардың жануынан өрт шыққан.
«Оқиға орнына облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары барды. Олардың күшімен 12 адам (оның ішінде 3 бала) қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт толық сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада күдік тудырған қара сөмкеден қауіпті зат анықталған жоқ.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.