ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында Сырдария өзені үстіндегі көпірден суға секірген жасөспірім қыз құтқарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 25 сәуірде жергілікті уақыт 18.00 шамасында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ғ. Мұратбаев көшесі бойындағы Сырдария өзені үстінен сол жағалауға өтетін көпірдің үстінен жасөспірім қыздың суға секіріп кеткені жөнінде хабардама түсті.
«Оқиға орнына жедел құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техникамен жетті. Құтқарушылар 2008 жылғы жасөспірім қызды сол жерде байқаған адамдардың жағаға шығарғанын анықтады. Одан кейін жасөспірім қызды зембілге салып, жедел жәрдем қызметінің мамандарына тапсырды», - деп жазылған департамент таратқан хабарламада.
Еске салсақ, бұдан бұрын Жаңақорғанда қатты жел 5 ғимараттың шатырын ұшырып әкетті .
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.