ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы көпірден УАЗ көлігі Сырдария өзеніне құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл оқиға Шиелі ауданының Қызылқайың елді мекеніне жақын аумақта орын алған. Оқыс оқиғадан ешкім зардап шеккен жоқ. Жүргізуші көлік салонынан дер кезінде секіріп үлгерген. Ал көлік өзен түбіне батып кеткен. Аталмыш көлік бес сағаттан кейін табылды. Ол жағаға шығарылды.
Құтқарушылар мұндай жағдай соңғы он күннің ішінде екінші мәрте орын алып отырғанын айтады. Тамыз айының аяғына таман сол көпірден тағы бір УАЗ көлігі өзенге құлаған еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.