Қызылордада көпқабатты үйден жасөспірім құлап кетті

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы көп қабатты үйлердің бірінен жасөспірім құлап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға облыс орталығындағы көшелердің бірінде орналасқан көпқабатты тұрғын үйде болды.

Мәлім болғандай, жасөспірім алған жарақатына байланысты емдеу орнына жеткізілген. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

«Бұл оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі арқылы 105-бабының 1-бөлігімен қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру басталған. Онда өз-өзін өлтіруге оқталу жағдайы көрсетілген», - деп мәлім етті Қызылорда қалалық полиция басқармасынан.