Қызылордада коронавирус жұқтырған 11 адамның қай аудандардан екені белгілі болды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – 11 сәуірде сағат 10:00-дегі жағдай бойынша Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған соңғы 11 адамның қай аудандардан екені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Ауру жұқтырғандардың 8 жағдайы Сырдария ауданында, 2 жағдайы Арал ауданында және 1 дерек Қазалы ауданында тіркелді.

Зертханалық сынамалар 10 науқастан коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қазалыдағы 1 жағдай бойынша Нұр-Сұлтан қаласынан келуіне байланысты алынды.
ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды. Қазіргі таңда ауру жұқтырғандардың барлығы бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, медициналық бақылауға алынды. Ауру ошақтарында дезинфекциялау жұмыстары жүргізілді.