ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында тағы 11 адам коронавирустен жазылып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Олардың 5-уі Жаңақорған ауданынан болса, 6-уы Қызылорда қаласында тұрады. Осылайша Қызылорда облысында індеттен жазылып шыққандардың жалпы саны 17 адамға жетті.
«Бүгін, 17 сәуірде олардан дәрісханалық талдау алынды. Зерттеу теріс нәтиже берді. Олардың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланды. Жазылған азаматтардың барлығы 14 күн бойы үй жағдайында болып, аймақтық емханалардың бақылауына алынады», - деп мәлім етті Қызылорда облысының әкімдігі.
Естеріңізге сала кетсек, Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін COVID-19 жұқпалы індетіне - 143 адам шалдыққан.
Олардың арасынан жазылып шыққаны 17 адамға жетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.