Қызылордада қоршауды соққан жүргізуші жансақтау бөліміне жатқызылды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Бүгін Қызылорда қаласында жол жиегіндегі қоршауды соққан көлік жүргізушісі аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Қызылорда қаласы аумағындағы әуежайға баратын тас жол бойында орналасқан «ҚазГерМұнай» мекемесі тұсында болды. «Audi 100» көлігінің 27 жастағы жүргізуші көлікті басқара алмай қалған.

«Соның салдарынан көлік жол жиегіндегі темір қоршауды соққан. Көлік жүргізушісі облыстық медицина орталығының жансақтау бөліміне жатқызылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын Қазалыда жүк көлігі 40 ұсақ малды басып кетті.