Атап айтқанда Н. Бекежанов атындағы драма театрында өткізілген аймақтағы білім беру қызметкерлерінің «Ұстаз шәкіртімен бақытты» атты салтанатты шарасында облыстың білімді де, білікті химия және биология пәндерінің 2 ұстазы жеңіл автокөліктің иесі атанды.
Нақтырақ айтқанда, биылғы жылы облыс әкімінің бастамасы негізінде облыста химия-биология пәндері мұғалімдерінің арасында олимпиада өткізілген болатын.
Ұстаздар күнінен арналған салтанатты шарада аймақ басшысы Б. Қуандықов аталмыш олимпиада қорытындысы бойынша 1 орын иегеріне 500 000 теңге, 2 орын иегерлеріне 300 000 теңге, 3 орын иегерлеріне 200 000 теңге қаржылай сыйлық, сондай-ақ бас жүлде иегерлері - Қызылорда қалалық №6 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі Людмила Фидосеенкоға және №9 орта мектептің химия пәнінің мұғалімі Виктория Рябоваға қос «Lada Granta» автокөлігінің кілтін тапсырды.
Салтанатты шара барысында облыс әкімінің білім беру саласы қызметкерлерінің жыл сайынғы сыйлығын тағайындауына сәйкес 3 үздік ұстазға 1 000 000 теңге, 8 ұстазға 200 000 теңге, 8 ұстазға 150 000 теңге, 8 ұстазға 100 000 теңге көлемінде сыйақы, сонымен қатар, биылғы жылы шетелге тәжірибе жинақтау үшін жолдама беру қолға алынып, 18 мұғалімге шетелге жолдама берілді. Мерекелік шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.