Қызылорданың орталық алаңында сағат 11-де «Ата заңым - айбарым!» атты мерекелік-көпшілік шарасы басталды. Ондағы үлкен монитор арқылы тікелей желіден Астанадағы мерекеге арналған шеру қызылордалықтар назарына ұсынылуда. Бұл мерекелік сәттер кешке көпшілік серуеніне жалғасады.
Ал кеше Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрында «Конституция - тәуелсіздік төлқұжаты» атты мерекелік жиын өтті. Оның соңынан орталық алаңда аймақ ақындарының «Ата заңым - Алаштың темірқазығы» атты айтысы ұйымдастырылды. Медициналық кеңес беру және диагностика орталығы жанындағы ашық алаңда «Мектеп» жәрмеңкесі болды.