ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада күдік тудырған қара сөмкеден қауіпті зат анықталған жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға 1 қыркүйекте сағат 22.00 шамасында Е.Әуелбеков көшесінің бойында болған. Облыстық төтенше жағдайлар департаментіне жеңіл көліктің алдында күдік тудырған қара сөмке тұрғаны жөнінде хабар келіп түскен.
«Оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 6 техника, 22 қызметкер жұмыс істеді. Сағат 22.40-та мамандар қара сөмкеден күдік тудырған заттың анықталмағанына көз жеткізді», - деді Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.