Қызылордада құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды

None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласында құқық қорғау қызметтері орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа нысанның ашылу салтанатына  облыс әкімі  Қырымбек  Көшербаев, ҚР Бас прокурорының аға көмекшісі Сағатбек Сүлеймен қатысты. 

«Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әрбір қазақстандықтың санасын, қоғамды тұтастай жаңғыртудың бірнеше бағыттарын атап өтті. Бұл - прагматизм, сананың ашықтығы, сонымен қатар, бәсекеге қабілеттілік. Бүгінгі ашылып отырған орталықтың да басты міндеті - атқарушы және құқық қорғау органдары мен халықтың арасындағы ашықтықты қамтамасыз ету,- деді облыс әкімі Қ.Көшербаев жаңа орталықтың ашылу салтанатында.

Орталық  «бір терезе» қағидаты бойынша арнайы орындармен және қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілген. Мұнда жеке және заңды тұлғалар мен кәсіпкерлер прокуратура, ішкі істер, әділет органдары, әкімдік қызметкерлерінен, адвокаттардан, медиаторлардан қажетті кеңестер ала алады.