Қызылорда облысы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда, аталған жатақхананы бұзу туралы шешім қабылданды.
Облыс әкімі Көшербаевтың тапсырмасына сәйкес, тұрғындар 6 ай мерзімге уақытша тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Қаржысы жергілікті бюджеттен беріледі. Сондай-ақ, арнайы комиссия құрылып, олар әр тұрғынның жағдайын зерттеп, заң шеңберінде баспанамен қамтамасыз етілмек.
Аталған мәселе облыс әкімдігінің бақылауында.
Еске сала кетейік, кеше кешке Қызылорда қаласы Титов кентіндегі №16 тұрғын үйдің бір бөлігі опырылып құлағаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.