Департамент бұл ақпаратты «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны Қызылорда гидрометеорология орталығының дерегіне сүйеніп жариялады. Ауа райының қабағын бағушылар облыстың кей жерлерінде күндіз 40, 44 градус шамасында ыстық болатындығын мәлімдеді.
Осыған байланысты облыстық төтенше жағдайлар департаменті аймақ тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуды ескертеді.