ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында Ресейден Қырғызстанға күнбағыс майын алып бара жатқан жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оқиға Қазалы ауданы Майлыбас елді мекені тұсындағы «Самара-Шымкент» тас жолы бойында болды. Онда Ресейдің Қазан қаласынан Қырғызстан астанасы - Бішкекке жол тартқан «Volvo FH12» жүк көлігі толығымен жанып кетті.
«Көлікке 21,5 тонна күнбағыс тиелгені анықталды. Өрт толығымен сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, Қызылордада Орталық зираттың 2 гектар аумағы өртеніп кетті.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.