Қызылордада құны 32, 5 млрд. теңге тұратын күкірт қышқылы зауыты салынбақ
13:57, 21 Маусым 2010
ҚЫЗЫЛОРДА. Маусымның 21-і. ҚазАқпарат /Руслан Игілік/ - «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық акционерлік қоғамының еншілес кәсіпорны - «СКЗ-U» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қызылорда қаласының аумағынан күкірт қышқылын өндіретін зауыт салуды қолға алғалы отыр.
Жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін бұл өндіріс орны құрылысының құны 32,5 млрд. теңгені құрайды.
Қазіргі таңда бұл жоба бойынша ұзындығы 8,8 шақырым болатын ВЛ-35 желісінің құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын мамандарына арналған мобильді қалашық пен «Шымкент-Самара» тас жолынан 9 шақырымға жалғасатын автокөлік жолының құрылысы аяқталды. Аталмыш жоба белгіленген кестеге сәйкес келер жылдың төртінші тоқсанында жүзеге асырылады деп күтілуде.