Қызылордада күріш өңдеу зауыты іске қосылды

Фото: None
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат- Қызылордада сағатына 5 тонна күріш салысын өңдейтін күріш ақтау зауыты іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпрат тілшісі.

«Ақтөбе и К»  ЖШС-не тиесілі өндірістің ашылу салтанатына облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты

Зауыттың қуаттылығы - сағатына 5 тонна. Оңтүстік Кореялық HUNDAI MACHINE INDUSTRY Co...Ltd компаниясының жабдықтарымен жабдықталған. 

Жобаның жалпы құны 300,0 млн теңге. Зауыт 15 адам тұрақты жұмыспен қамтып отыр.